• Главная
  • Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған шығынды қысқартуды тапсырды
14:51, 24 января 2020 г.
Надежный источник

Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған шығынды қысқартуды тапсырды

Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған шығынды қысқартуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына бөлінетін қаржының жұмсалуын жіті бақылауды тапсырды, деп хабарлайды City04.kz.

Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкіміне Абайдың 175 жылдығына арналған шығынды қысқарту керегін айтты.

«Бұл шара ұлы тұлғаны ұлықтауға арналған. Демеушілердің қаржысына болсын көп концерт жасап, шетелден әртіс алып келудің қажеті жоқ. Менің ойымша, шараларды іскерлік форматта өткізу керек. Сіз әкімдердің арасындағы тәжірибелі мамансыз, сондықтан Абайдың 175 жылдығы аясында өтетін іс-шараларды дұрыс бақылауыңыз керек», – деді Тоқаев ШҚО әкіміне.

Президент шаралар практикалық бағытта, идеологиялық жүктеме бойынша өтуі керегін айтты. «Осы секілді іс-шаралар осындай көзқараста өтуі керек», – деді Мемлекет басшысы.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#АБАЙ 175 ЖЫЛ #НОВОСТИ КАЗАХСТАНА #АБАЙ КУНАНБАЕВ #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...