• Главная
  • Ақтөбеде шизофрения диагнозымен есепте тұрған азамат жоғалып кетті
11:22, 7 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде шизофрения диагнозымен есепте тұрған азамат жоғалып кетті

Ақтөбеде шизофрения диагнозымен есепте тұрған азамат жоғалып кетті

 Ақтөбеде шизофрения диагнозымен есепте тұрған азамат жоғалып кетті. 48 жастағы тұрғын екі ай бұрын үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған. Қазіргі таңда бұл азамат іздестірілуде деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Пірмағанбетов Джамбул Муханбетович есімді азамат 2019 жылдың 9 желтоқсанында үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Ол осы күнге дейін үйіне қайтып оралмаған. 

Белгілі азаматтың екінші топтағы мүгедек , шизофрения диагнозымен психологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталып отыр.

Полиция қызметкерлері бұл азаматтың орналасқан жері туралы кімде-кім қандай да бір мәлімет білетін болса, міндетті түрде полицияға "102" нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ақтөбе жаңалықтары #актобе жаналыктар #новости актобе #із-түссіз жоғалу

Комментарии

Объявления
live comments feed...