• Главная
  • Агенттіктің атқарылған жұмысы қорытындыланды
09:52, 12 февраля 2020 г.
Надежный источник

Агенттіктің атқарылған жұмысы қорытындыланды

Агенттіктің атқарылған жұмысы қорытындыланды

Бүгін Агенттіктің 2019 жыл ішінде атқарылған жұмыс қорытындыларын, алдағы кезеңдегі міндеттерді және оларды іске асыру жоспарларын талқылау бойынша алқа отырысы өтті деп хабарлайды City04.kz.

Мемлекеттік аппаратты қысқарту ұтқырлықты арттыруды және үрдістерді оңтайландыруды, сонымен қатар мемлекеттік міндеттерді іске асыру шеңберінде кадрлардың саны мен сапасының салыстырмалы арақатынасын талап етеді.

Осыған байланысты Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдарда кадрлық жоспарлау бойынша стратегиялық HR-тәсілді енгізу мәселесі шешілуде.

Өткен жылдан бастап елордада, Ақмола және Қарағанды облыстарында мемлекеттік органдардың алдына қойылған стратегиялық міндеттерді және олардың сәйкестендірілген персоналдық қажеттіліктерін ескерумен ерекше және талантты адамдарды іздестіруді көдейтін болжамды жұмысты қарастырған пилот жүзеге асырылуда.

Бірінші кезеңде Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің функционалдық талдауы жүргізіледі. Бұл бізге қызметтердің жасырын түрлерін анықтап, қосарлануын жоюға, және жалпы жұмыс мөлшерінің тепе-тең реттелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс аппараттың оңтайлы құрылымын және санын анықтауға алып келеді, сонымен қатар сәйкестендірілген құрылымдық бөлімдегі әрбір қызметкер үшін қажетті құзыреттіліктер шеңберін белгілеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландыру және кейіннен оларды цифрландыру мақсатында талдау жүргізілетін болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #адгс #госслужба

Комментарии

Объявления
live comments feed...