11:42, 14 февраля 2020 г.
Надежный источник
Облыс әкімі қаланы қардан тазалай алмаған мердігер компанияларға ескерту жасады
Ақтөбеде облыс әкімі қыс мезгілінде қаланы қардан тазалай алмаған мердігер компанияларға қатаң ескерту жасады деп хабарлайды City04.kz.
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қысқы мезгілде қардан тазалауды өз міндеттеріне алған мердігер мекеменің басшыларымен жиын өткізді. Басқосуға қала әкімі Мавр Абдуллин, "Астана","Алматы", аудандарының әкімдері мен мердігер компанияның басшылары қатысты.
"Мен көп нәрсеге түсіністік танытып келдім, бірақ сіздердің салғырт жұмыстарыңыздың кесірінен тұрғындар зардап шегіп отыр. Үйілген қар мен көк тайғақтың салдарынан азаматтар жарақаттанып, балалардың мектепке жете алмау жағдайы, тұрғындардың шағымдары көбейді",-деді облыс әкімі.
Қала көшелерін тазалаумен «Автолайн» ЖШС, «Табыс Ел»ЖШС, «Бошан Транс Авто» ЖШС, «Ерхат жолдары» ЖШС, «Коквест» ЖШС, «Барлык Курылыс» ЖШС, «3Q Universal» және «Financial World» ЖШС-гі сегіз компания айналысады. Олар жалпы көлемі 5,5 млн шаршы метр болатын 711 көшені қардан тазарту қажет болатын.
Дегенмен,қыс басталғалы мердігерлердің атқарған жұмыстарына арыз- шағымдар толастамаған. Аталған компания өкілдері жұмыскерлер санының аздығын, техникалардың жетіспеушілігін айтып ақталды.
Аймақ басшысы кезінде мемлекеттік сатып алу конкурсынан барлық талаптарға сай екендігін көрсетіп, бөлінген қаражатты қалталарына басқан мердігерлердің жұмыстарын қатаң сынға алды.
"Өкінішке орай жұмыстарыңыз қанағаттанарлықсыз. Қолдарыңнан келмесе көтере алмайтын шоқпарды белдеріңізге алмау керек едіңіздер. Мұны алаяқтық әрекетпен теңеуге болады. Қылмыс, және алаяқтық жасағандар заң алдында жауап беруі тиіс. Және халықтан алғыс емес, керсінше жаман сөздер естумен болған компаниялармен осы кезден бастап қоштасуға тура келеді",- деп атап өтті облыс басшысы.
Өңір басшысы қала әкіміне алдағы мемлекеттік сатып алуға қатысатын мердігер мекемелерге талапты күшейтуді тапсырды. Яғни, келісім-шартта тазаланатын аумақтар нақты көрсетіліп, толыққанды қамтылуы қажет. Облыс әкімі қыста қардан, жазда қоқыстан тазарту жұмыстарында жүйелендіру керектігін айтып өтті.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
00:42, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии