• Главная
  • Ақтөбелік зияткерлердің кезекті жеңісі
18:02, 18 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбелік зияткерлердің кезекті жеңісі

Ақтөбелік зияткерлердің кезекті жеңісі

Ақтөбелік зияткерлер «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауынан күміс жүлдемен оралды деп хабарлайды City04.kz.

«Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауының нәтижелері бойынша ақтөбелік Бисеналина Айнұр мен Хайрулла Ақжібек күміс жүлдегер атанды

Айнұр Қазақстанда бұрын сонды қолданылмаған, мұнай қалдықтарын ыдырата алатын микроорганизмдер бойынша жоба жасап шығарды. Жоба негізінен табиғатты қорғауға бағытталған, дәлірек айтсақ оқушы бактериялар белсенді түрде бөліну үшін оларды жергілікті жағдайда сынайды.

– Осы реакцияның нәтижесін қолдана отырып, мен бу түрлендіру арқылы энергия-сутегінің балама түрін шығарудың схемасын құрдым», – дейді Айнур Бисеналина.

Ақжібек өз жобасында Ақтөбе облысының танымал тұлғалары туралы мобильді қосымшаның маңыздылығын зерттеуде. Оның қосымшасының көмегімен аймақтың танымал адамдарының жетістіктері туралы қызықты фактілерді табуға болады.

Бұл ғылыми сайысқа 14 өңірден, республикалық білім беру ордалары мен Зияткерлік мектептерден 700-ден астам дарынды оқушылар қатысты. Жарыстың нәтижесінде еліміздің ұлттық құрамасы Анахаймда (Калифорния, АҚШ) өткізілетін ғылыми жобалар Intel ISEF-2020 халықаралық студенттер байқауына қатысады.

Өткен оқу жылында Ақтөбе қаласындағы Зияткерлік мектептің оқушылары Таумергенов Нұрдәулет пен Долмағанбетов Карен ұлттық құрамаға енді. Олар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары атанғаннан кейін «Intel ISEF-2019» ірі халықаралық байқауға қатысу құқығына ие болды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #зияткерлер #Intel ISEF-2019 #дарын

Комментарии

Объявления
live comments feed...