• Главная
  • Ақтөбелік шенеуніктер су тасқынына дайын ба?
12:19, 26 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбелік шенеуніктер су тасқынына дайын ба?

Ақтөбелік шенеуніктер су тасқынына дайын ба?

Ақтөбеде 2020 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы 25-26 ақпан аралығында "Көктем-2020" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде деп хабарлайды city04.kz

Оқу-жаттығу барысында көктемгі су тасқыны жағдайында төтенше жағдайларды жоюға, халықтың дайындығы мен қабілеттілігінің деңгейін арттыруға және азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктемгі кезеңдегі су тасқынына деген дайындығын тексеру.

Жалпы Ақтөбе облысы бойынша қаупі бар учаскелердің су басуын төмендетуге бағытталған 45 практикалық іс-шаралар өткізу жоспарланған. 

Әкімдікпен 329 миллионнан теңгеден астам қаржы қаражаты қарастырылған. Бұдан басқа, облыс бюджетінде төтенше резерв және шұғыл қажеттіліктерге арналған 1 млрд. 945 млн. 669 мың теңге сомасы резерві дайын.

Департаменттің айтуынша, облыста су тасқыны шиеленіскен жағдайда жалпы саны 1 955 адам, 422 бірлік техника, 95 бірлік жүзу құралы, 219 бірлік мотопомпа, облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары дайын тұр.

Ақтөбелік шенеуніктер су тасқынына дайын ба?, фото-1

Арнайы комиссиялар су айдау техникасы мен су өткізу құрылыстарының жағдайын қарап, дайындық актілерін жасайды.

Оқу-жаттығу Богослов трассасындағы "Ұстаз" бағбандық ұжымының тұрғын үй массивінде төтенше қызметтердің және су басу қаупі бар тұрғындардың іс-әрекеттері бойынша өткізіледі. Шарт бойынша, тұрғындар Гришина көшесіндегі №1 орта мектепке уақытша құтқарылып, аударылады.

Облыс басшылығы Елек өзені, Қарғалы өзені мен Бутақ өзенінің арналарын тереңдету, жағалауды бекіту және тазарту бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілетін орындарды аралап шығу жоспарланған.

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтөбеде ақпан айының соңында топырақтың күзгі ылғалдану көрсеткіші нормадан үш есе аз 15 мм, қар сақтанған қор мөлшері нормадан аз 57 мм. Ал топырақтың қату биіктігі орташа 45 см және де қар жамылғысының биіктігі 16,8 см құрайды.

Ақтөбелік шенеуніктер су тасқынына дайын ба?, фото-2

Әкімшілік тарапынан эвакуацияланған халықты орналастыру үшін сыйымдылығы 13 мың адамнан астам 79 пункт пен инертті материалдар мен қаптар қорлары дайындалды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #дчс актобе #наводнение #акимат #подготовка

Комментарии

Объявления
live comments feed...