• Главная
  • Ақтөбеде таныстарына онлайн-несие рәсімдейтін алаяқтар көбейді
17:09, 26 февраля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде таныстарына онлайн-несие рәсімдейтін алаяқтар көбейді

Ақтөбеде таныстарына онлайн-несие рәсімдейтін алаяқтар көбейді

Ақтөбеде онлайн-несие рәсімдеу саласында алаяқтықтар анықталды деп хабарлайды city04.kz

2019 жылдың желтоқсанында банк қызметкері үш қала тұрғыны атына несие рәсімдегені бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үш азаматқа 800 мың, 500 мың және 700 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген.

Жәбірленушілер банктен төлем мерзімін өткізіп алғаны туралы қоңырау түскеннен кейін полицияға жүгінген.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, Алға ауданының 1989 жылғы тұрғыны алдау жолымен танысының атына 3 онлайн-несие рәсімдеген. Күдікті танысынан ұялы телефонын бере тұруын сұрап, осы уақытта онлайн несие алуға өтінім жіберген. Уақыт өте келе, ақша жіберу керек деген сылтаумен карта кодын сұраған. Картаға ақша түскен бойда карта иесі күдіктіге ақшаны беріп отырған.

Бұл жағдайда жәбірленуші несие туралы банктен төлем мерзімін өткізіп алғаны туралы қоңыраулар түскеннен кейін білген.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #мошенничество #обман #онлайн займы #мошенники актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...