14:24, 10 марта 2020 г.
Надежный источник
Ақтөбеде жазасын өтеушілер туыстарымен кездесті
Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 мекемесі сотталғандар мен олардың жақындары үшін ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шара кезінде мекемеде жазасын өтеп жатқандардың ата-аналары, жұбайлары, бауырлары мен достары сотталғандармен кездесіп, олардың жатын орындарын көріп, тұрмыс-тіршіліктерімен танысты деп хабарлайды City04.kz
Сонымен қатар, КА-168/1 мекемесі тәрбие бөлімінің осы кешке арнап шақырған «Volunter.2020_aqtobe» жастар өнерпаздарының концерттік қойылымы жазасын өтеушілер мен олардың ата-аналарынының көңілдерін көтерді. Мерекелік дастарханда сотталған азаматтар ең жақын адамдарымен шүйіркелесіп, сырласа алды. Осы сәтті пайдаланып, сотталғандар да ата-аналары мен жұбайларына, бауырларына өздері ұйымдастырған концерттік қойылымдарын арнап, оларды жақсы көретіндерін өлең шумақтарымен жеткізіп, гүл сыйлады.
- Аталған іс-шараның мақсаты- сотталғандарды ең жақын адамдарымен қауыштыра отырып, олардың арасында моральдық-психологиялық климатты жақсарту. Жазасын өтеушілерді қоғамнан оқшауламай, олардың ертеңгі күндеріне деген сенімдерін нығайтып, өздерін үйлеріне тезірек оралуын күтіп отырған ата-аналары мен сүйікті жарлары, балалары, жақын туыстарының барын ұғындыра отырып, екінші қайтара қателігін қайталамауға тәрбиелеу. Әрине, ең жақын адамдарынан осындай жан жылуын сезінген сотталғандар жаңа өмір бастауға талпыныс жасайды,- дейді КА-168/1 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Нұрбол Утаргалиев.
Шара сотталғандардың болашаққа деген үміттерінің үзілмегендігін көрсеткендей болды. Бұл орайда, олардың ата-аналары мен жарлары, бауырлары жазасын өтеп жатқандарды дұрыс жолға тәрбиелеп, оларға моральдық-психологиялық қолдау көрсетіп келе жатқан басшыларға алғыстарын жеткізді:
- Мойындау керек: аяқтарын шалыс басса да, тағы бір мүмкіндік сыйлап, үкімет тарапынан сотталғандарды қайтадан қылмысқа барғызбау үшін көрсетіліп жатқан қолдаулар өте көп. Баламмен сөйлескен сайын, ол үнемі жағдайының жақсы екенін айтады. Тіпті, баламның бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ақылы толысып, дұрыс жолға түскені мені қуантады. Мұның бәрі әрине, мекемедегі қызметкерлердің және басшыларының еңбегі деп білемін. Осы ретте біз секілді қамкөңіл аналарға осындай қуаныш сыйлаған Қылмыстық-атқару жүйесі басшыларына, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығына және орынбасарларына, КА-168/1 мекемесінің басшылығы мен осындағы әр қызметкерлерге аналық алғысымды айтамын, - дейді есімін атағысы келмеген сотталған азаматтың анасы көзіне жас алып.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
00:42, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии