14:34, 11 марта 2020 г.
Надежный источник
Ақтөбе облысында 787 мың гектар жерге егін егілмек
Ақтөбе облысында 787 мың гектар жерге егін егілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай мәлімдеді деп хабарлайды City04.kz
Оның айтуынша көктемгі-далалық жұмыстарды ұйымдастыру үшін барлық тиісті шаралар қабылданып жатыр.
-Биыл 787,0 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Оның ішінде: 457,3 мың гектарға дәнді,35,2 мың гектарға майлы, 282,2 мың гектарға мал азығы дақылдары, 6,3 мың гектарға картоп және 5,9 мың гектарға көкөніс-бақша дақылдары егілетін болады. Дәнді, майлы дақылдардың және картоп тұқымдарымен толық қамтамасыз етілгенбіз. 2020 жылғы егіс жұмыстарына 201,2 мың гектарға сүр және 82,6 мың гектар алқапқа сүдігер дайындалып, 66,4 мың гектар алқапқа қар тоқтату жұмыстары жүргізілді. Көктемгі далалық жұмыстарға 5 300 трактор, 93 егін кешені, 1500 дәнсепкіш пен 4 800 жер өңдеу техникасы жұмылдырылатын болады. Бүгінде ауыл шаруашылығы техникалары көктемгі далалық жұмыстарына 92% дайын. Егін салу жұмыстары сәуір айының соңында басталады,- деді басқарма басшысы.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 9 мың тонна дизель отыны бөлінген, сонымен қатар, 3,4 мың тонна минералды тыңайтқыш дайындалып, 183,7 мың гектар егістікке арам шөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмек.
Шаруашылықтарға қолдау көрсету үшін мемлекет тарапынан жергілікті бюджеттен 1 258,9 млн. теңге субсидия бөлінсе, оның ішінде тұқым шаруашылығын қолдауға 480 млн. теңге, гербицидтерді субсидиялауға 452,2 млн. теңге, минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға 323,7 млн. теңге бөлінетін болады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
00:42, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии