• Главная
  • "Коронавирус, кет": ТЖ кезінде беташар жасаған Тараз тұрғыны қамалды
17:27, 28 марта 2020 г.
Надежный источник

"Коронавирус, кет": ТЖ кезінде беташар жасаған Тараз тұрғыны қамалды

"Коронавирус, кет": ТЖ кезінде беташар жасаған Тараз тұрғыны қамалды

Тараз қаласының 30 жастағы тұрғыны үй жағдайында беташар рәсімін өткізгені үшін жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды City04.kz

Ол бес тәулікке қамауға алынды деп жазды  polisia.kz

Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің басшысы С.Мамытбековтың айтуынша, бет ашу рәсімін жасаған асабамен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, төтенше жағдай кезінде мұндай шараларға жол берілмеуі керектігі туралы ескертті.

Жамбыл облысы Полиция департаменті төтенше жағдай кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде жұмыс режимін бұзу деректерінің алдын алу мақсатында күн сайын ойын-сауық мекемелеріне рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Елімізде аталған режим енгізілгелі бері облыс бойынша полиция қызметкерлері ТЖ ережелерінің талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде сегіз адамға айыппұл салынып, екеуі ескертіліп, бес адамға әкімшілік жаза қолданылды. Әрбір тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік жаза тағайындалды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости актобе #актобе жаналыктары #новости казахстана #коронавирус кет кет кет #асаба #наказание за проведение беташара #полиция тараз

Комментарии

Объявления
live comments feed...