• Главная
  • Ақтөбеліктер жалған хабарларға сеніп, сөрелерден өнімдерді қаппен сатып алуда
21:44, 13 марта 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеліктер жалған хабарларға сеніп, сөрелерден өнімдерді қаппен сатып алуда

 Ақтөбеліктер жалған хабарларға сеніп, сөрелерден өнімдерді қаппен сатып алуда

 Әлеуметтік желілерде Ақтөбедегі сауда желілерінде азық-түлік сөрелерінің бос қалғаны туралы суреттер жалған екені анықталды деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

 Сауда желілеріне келетін Ақтөбе тұрғындарының ұн, шекер және жарма өнімдері секілді тауарларға сұраныс артқаны байқалады. 

Сонымен қатар, "Анвар" сауда желісінің барлық есепшілері медициналық бетперделер таққандары байқалды. Cауда желісінің директоры қызметкерлерге коронавирустың алдын-алуға ешқандай нұсқаулықтар болмағанын және бетперделерді қызметкерлер өз еріктерімен таққанын айта өтті.

 Ақтөбеліктер жалған хабарларға сеніп, сөрелерден өнімдерді қаппен сатып алуда, фото-1

 -Әлеуметтік желілердегі "Анвар" сауда желісінде халықтың жаппай азық-түлікті алып, сөрелер бос  жатқаны туралы жалған ақпарат пен суреттер тарап жатыр. WhatsApp желісінде суреттер 2015 жылдың желтоқсан айындағы түсірілген суреттер,- деді Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ажниязов Руслан.

 Ақтөбеліктер жалған хабарларға сеніп, сөрелерден өнімдерді қаппен сатып алуда, фото-2

Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ажниязов Русланның айтуынша, Қытайдан Ақтөбеге азық-түлік өнімдері келмеуде. Және де алғаш Қытайда коронавирус анықталғаннан бері тоқтатылғанын айта өтті.

-Баға тұрақты. Азық-түлік тапшылығы жоқ. Қазіргі таңда барлық сауда желілері жұмыс істеп тұр. Сауда желілеріндегі азық-түліктер кем дегенде үш аптаға жетеді. Содан соң сөрелер азық-түлікпен қайта толығып тұрады,- деді ТОО "Анвар" сауда желісінің директоры Кизаев Бақытжан.

 Ақтөбеліктер жалған хабарларға сеніп, сөрелерден өнімдерді қаппен сатып алуда, фото-3

Жалпы Ақтөбеге күріш Қызылорда облысынан, шекер Алматы облысы немесе Тараз қаласынан жеткізіледі. 

Қордағы азық-түлік: картоп-1074 тонна, сәбіз-59,6 тонн, жуа-147,5 тонн, орамжапырақ-80,5 тонн, күнбағыс майы- 72,1 мың бөтелке.

Айта өтсек, Ақтөбе қаласы бойынша 21 сауда нүктесі бар. Оның үшеуі әлеуметтік павильондар, қалғандары шағын базарлар.

Тұрақтандыру қорындағы бағалар: сәбіз-70 теңге, орамжапырақ-75 теңге, жуа-55 теңге, картоп- 70 теңге, қызынақ- 95 теңге,күріш-260 теңге, күнбағыс майы-300 теңге, шекер-170 теңге, тұз-40 теңге.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #коронавирус #гипермаркет анвар #Ажниязов Руслан #Кизаев Бақытжан

Комментарии

Объявления
live comments feed...