• Главная
  • Ақтөбе облысында 7 жерге блок посттар қойылды
09:25, 31 марта 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысында 7 жерге блок посттар қойылды

Ақтөбе облысында 7 жерге блок посттар қойылды

30 наурыз, дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин енгізілген ТЖ байланысты Ақтөбе өңіріне кіріп-шығуды тәулік бойы қадағалау үшін ашылған бекеттердің жай-күйімен танысты деп хабарлайды City04.kz.

Ақтөбе облысының аймағынан жалпы 7 жерге блок посттар қойылды. Олар: «Самара-Шымкент» тас жолы бойларындағы Хромтау бағытының – 776 шақырымында орналасқан Белогорка, және Қобда бағытының 710 шақырымына қойылған Құршасай бекеттері, «Ақтөбе-Мәртөк-Орынбор»– 16 шақырым Құрайлы, «Ақтөбе-Атырау» Алға бағытының 12 шақырымы, «Актобе-Орск-шекарасы РФ» Орск бағытының – 20 шм, «Солтүстік айналма жолы», «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқудык».

Аймақ басшысы «Самара-Шымкент» тас жолы бойларындағы Хромтау бағытындағы Белогорка, және Қобда бағытындағы Құршасай бекеттерінің жағдайын бақылады. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев тәртіп сақшыларының жатын орындарын көрсетіп, азық-түлікпен қамтылуларымен таныстырды. Әр бекетке полиция, медицина қызметкерлері мен № 30238 әскери бөлімінде борышын өтеушілер жалпы 127 азамат жұмыс жасауға бекітілген. Аталған блок посттар азаматтардың қызуын өлшеуге арналған құралдармен және көліктерге жасалатын залалсыздандыру құрылғыларымен қамтамасыз етілген.

-Бұл азаматтарға артылған жауапкершілік зор. Әр бір өткен азаматты жіті қадағалап, тәртіп сақталуы тиіс, сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігі үшін күндіз-түні аяқтарынан тік тұратын азаматтардың жатын орындары, ішетін астары құнарлы болуы керек,-деді облыс әкімі.

Айтып өтейік, 31 наурыз сағат 00-00-ден бастап, транзиттік көліктерді, сондай-ақ тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындарының үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған тауарлар мен материалдарды таситын көліктерден өзге, барлық көлік құралдарына Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының аумағына тек рұқсатнамамен ғана кіруге болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости актобе #актобе жаналыктары #ондасын уразалин #поставлены блок посты в актобе #шекара #медики #военные

Комментарии

Объявления
live comments feed...