21:04, 5 апреля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбе карантинге жабылады

 Ақтөбе карантинге жабылады

 Ақтөбеде 6 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин енгізіледі. Карантин төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғасады деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының аудандарында бұрынғысынша ерекше шектеу шаралары жалғасады.

-Бүгінгі күні Ақтөбе қаласында 11 короновирустық инфекция тіркеліп отыр. Оның жетеуі сырттан келіп тіркелсе, ал төртеуі жақын қарым-қатынаста болған адамдардың арасында тіркелген,- дейді Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының аумағына карантин енгізіледі.

Карантин келесідей шектеу шараларын қамтиды:

1) Азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Ақтөбе қаласының тұрғындарына жұмысқа, жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға және қоқыс шығаруға баруға ғана рұқсат етіледі. Азаматтарға лифтті пайдалану кезінде кабинада екі адамнан артық адамға болуға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерлерде жүріп-тұруына тыйым салынды.

2) Ақтөбе қаласындабарлық мекемелердің жұмысы тоқтатылады. Жұмысы тоқтатылмайтын мекемелердің тізімі төменде көрсетілген.

Қаулының 2 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтерінің тізімі:

1. «Ақбұлак» АҚ;

2. «Энергосистема» ЖШС;

3. «Трансэнерго» АҚ;

4. «Свим» ЖШС;                                                                                                                                                                                     

5. «Казактелеком» АҚ;

6. «Байнур» ЖШС;

7. «КТП» ЖШС;

8. «Ерхат жолдары» ЖШС;

9. «Коквест АФ» ЖШС;

10. «Нео Плюс» ЖШС;

11. «Табыс Актобе» ЖШС;

12. «Табыс Ел» ЖШС;

13. «Финаншл Ворлд» ЖШС;

14. «Универсал 3Q» ЖШС;

15. «ПАТП» ЖШС;

16. «Автопарк» ЖШС;

17. «Байсын А» ЖШС;

18. «Барлык Курылыс» ЖШС;

19. «Асфальт» ЖШС;

20. «КапРемСтрой» ЖШС;

21. «Базис К» ЖШС;

22. «Прогресс KZ» ЖШС;

23. «Акжол ЛТД» ЖШС;

24. «Отес Актобе» ЖШС;

25. «Ажар Актобе» ЖШС;

26. «АссанаДорСтрой» ЖШС;

27. «Актобе Тазалык» ЖШС;

28. «SAMGAU-2030» ЖШС;

29. «БолашакГарантСервис» ЖШС;

30. «Гранит Строй Проект» ЖШС;

31. «КазТрансГазАймак» ЖШС;

32. «Global Story KZ» ЖШС;

33. «АктобеЭлектроМонтаж» ЖШС;

34. «Дезинфекция» ММ.

3) Азаматтарға қоғамдық демалыс орындары, саябақтар, балалар ойнайтын орындарға баруға болмайды.

4) Барлық көліктердің түріне Ақтөбе қаласынан шығуға немесе қалаға кіруіне тиым салынады.

Қоғамдық көліктің қозғалысы кесте бойынша жүргізіледі. Қоғамдық көліктер тек сағат таңертең 07:00- 09:00 аралығында, түсте 12:00- 14:00 аралығында, кешке сағат 17:00- 21:00 аралығында ғана қатынайтын болады.

Айта өту керек, тұрғындар жерлеу рәсімін жүргізетін болса, кемінде екі метр қашықтықты сақтауы қажет. Адамдардың шоғырлануы он кісіден аспауы қажет.

Мұндай шектеулер медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдары мен өкілдеріне, қала тыныс - тіршілігін қамтамасыз етуші коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қолданылмайды.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің қызметкерлері карантиндік және шектеу шараларын бұзу жағдайлары анықталған кезде өз құзыреті шеңберінде шаралар қолданатын болады. Олар азаматтардың үй карантин режимін бұзбауын бақылайды. Сонымен қатар Ақтөбе қаласы бойынша автокөліктердің аса қажетінсіз қозғалуына жол бермейтін болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #карантин в актобе #вводится карантин в актобе #шектеулер #карантин #коронавирус в актобе #пандемия #ақтөбеде карантин енгізіледі #карантин актобе #актобе карантин #нурсулу беркимбаева

Комментарии

Объявления
live comments feed...