14:51, 14 апреля 2020 г.
Надежный источник
Ақтөбеде 151 мыңнан аса оқушы қашықтықтан оқытылуда
Ақтөбе облысында барлығы 402 мектеп 151 мыңнан аса оқушыны қамтып отыр. Қазіргі таңда карантин режиміне байланысты қашықтықтан оқыту ережесі бойынша облыстың барлық оқушылары толықтай білім алу жүйесімен қамтылған деп хабарлайды City04.kz
Бүгін «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ляззат Аманжолқызымен тікелей эфирде «Төтенше жағдайға байланысты облыстағы білім саласының деңгейі» тақырыбында сұқбаттасты.
-Қазіргі таңда қашықтан оқыту 2 тетік бойынша жүргізілді. Біріншіден, облыс бойынша 16770 оқушы телевизиялық сабақтар арқылы оқуда. Интернет желісіне қосылу мүмкіндіктері бойынша кері байланыс «Күнделік» электрондық журналы, WhatsApp, телеграмм мессенджерлері және алдын ала дайындалған тапсырмалар курьерлер арқылы қағаз және флеш тасымалдағышта жасалуда. Екіншіден, 134 288 оқушы қолжетімді Bilimland.kz, daryn.online.kz, kundelik.kz, School.ozin-ozi-tanu.kz, Google class romm платформаларын қолдануды. Кері байланыс WhatsApp, телеграмм мессенджері, электронды пошта арқылы жүзеге асырылып жатыр, - деді Ляззат Аманжолқызы.
Сонымен қатар, басқарма басшысы көрерменнің «Аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балалары компьютерлермен қамтамасыз етіле ме?» - деген сауалына:
-Облыстық бюджеттен қаражат бөлініп 2400 ноутбук, республикалық 1700 компьютер алынуда. Бірақ бұл құрылғылар мектептің балансына берілетін болады. Компьютерлер бұған дейін қажет болған оқушыларға уақытша пайдалануға берілді. Келісімшарт негізінде компьютерге қажеттілік туындаған жағдайда мектептен компьютерді пайдалануға алуға болады. Кейін мектепке қайтарылып берілу керек, - деп жауап берді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
00:42, Вчера
live comments feed...
Комментарии