• Главная
  • Ақтөбеде тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты
16:02, 14 апреля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты

Ақтөбеде тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты

Бүгін Ақтөбеде Түркиядан Ақтау арқылы келген әйел адам коронавирустан жазылып, үйіне шығарылды. Бұл туралы брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеді деп хабарлайды City04.kz  тілшісі

Науқас стационарда 16 күн жатқан. Одан 15-16 тәуліктерде екі анализ алынып екеуі де теріс мәнді көрсеткен. Пациенттің ешқандай шағымы жоқ және дене қызуы қалыпты. Әрі қарай үй карантиніне жіберілді. Бірақ бұл азаматша әлі де дәрігерлердің бақылауында болады.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қалиев Әсеттің айтуынша, қалған 9 науқастың ішінде жетеуінің жағдайы қанағаттанарлық. Ал екеуінің жағдайы орташа ауырлықта.

Бұған дейін Ақтөбеде Испаниядан келген азаматшаның коронавирустық инфекциядан жазылып шыққаны айтылған болатын.

Ақтөбеде инфекциялық, провизорлық және карантиндік госпитальдарда 270 адам жатыр. Олардың ішінде 40 адам инфекциялық ауруханада.  

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #вылечилась женщина от коронавируса в актобе #коронавирус #асет калиев #турция #актау #испания

Комментарии

Объявления
live comments feed...