• Главная
  • Ақтөбеде құрылыс бөлімінің басшысы 91 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде
19:44, 14 апреля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде құрылыс бөлімінің басшысы 91 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

Ақтөбеде құрылыс бөлімінің басшысы 91 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

Ақтөбе қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Алимбаев Асылбек 91 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде деп хабарлайды City04.kz

Сот өз кінәсін мойындамаған шенеунікті тергеу изоляторына жіберді. Білуімізше ол қызметінен шеттетілгенімен жұмысынан шығарылмаған.

Тергеу Алимбаевты ресми өкілеттілігін пайдаланып, ТОО "Шам" директоры Хамидолла Тарғын және ТОО "Nurai Capital" директоры Сукуров Муратпен алдын ала сөз байласты деуде.

Тергеу қызметінің пікірінше 2017 жылы Алимбаевтың екі ЖШС директорларына Сәңкібай батыра даңғылы бойымен, Алия Молдағұлова даңғылынан Сазда өзеніне дейін жаңбыр суы мен еріген су ағызатын канал салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлауды ұсынғанына сенімді.

Техникалық қадағалау құрылыс барысында кемшіліктерді анықтап «Ақтөбе құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Алимбаев Асылбектің назарына жеткізген.

Тергеу мәліметтері бойынша ол құрылыс жұмыстарының сапасына қызығушылық танытпай, жоғарыда айтылған ескертулер мен бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданбаған.

Нәтижесінде бюджет орындалмаған және нашар орындалған жұмыс үшін 91 млн 708 мың 359 теңге төлеген. Тергеу қызметінің пікірінше ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабында қарастырылған "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыс жасады деп айыпталуда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #полиция #хищение #чиновник #Ақтөбе құрылыс бөлімі

Комментарии

Объявления
live comments feed...