• Главная
  • Ақтөбеде Ресейден келген студенттерді үй карантиніне шығарды
15:40, 24 апреля 2020 г.
Надежный источник

Ақтөбеде Ресейден келген студенттерді үй карантиніне шығарды

Ақтөбеде Ресейден келген студенттерді үй карантиніне шығарды

Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 55 адамнан коронавирустық инфекция анықталды.  Оның 18-і студенттер. 

Науқас 18 студентпен жақын қарым-қатынаста болған тағы 20 студент Ақтөбеде 14 күндік карантиндік стационарда бақылауда қалды. Ал қалған студенттерді стационардан шығарды. Олар өз облыстарына қайтып жатыр деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеді.

Бүгінгі күні облысқа келген барлық 213 студент медициналық тексерістен өткен. Олардың нәтижелері теріс мәнді. Бұл студенттердің біршамасы өз облыстарына автобустармен кетіп үлгерген. Ақтөбе облысы әкімшілігі студенттердің тұрғылықты жеріндегі әкімшіліктермен бірлесе отырып, оларды облыстарына қайтару бойынша жұмыстар атқаруда. Өзге облыстың студенттері өз облыстарына жеткізілетін болады.

 Студенттер Ресей Федерациясынан Ақтөбеге келерден бұрын коронавирустық инфекция ағзаларында бар жоғы тексерілмеген. Сонымен қатар студенттерді кеден бекеттерінде  дәрігерлер тексерген кезде ешқандай клиникалық белгілер анықталмаған. Тек кеше Ақтөбеде лобораторлық тексеріс жасаған кезде ғана ауру белгілері анықталған. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі таңда өзге елдерден Қазақстанға қайтқылары келіп, өтініш білдіріп жатқан студенттер саны көп. Және олар алдағы уақытта елге оралатын болады. 

Шетелден келіп жатқан қазақстандықтар транзитпен тек Ақтөбе облысы емес сонымен қатар Қостанай және  Батыс Қазақстан облыстары арқылы да өтіп жатқан көрінеді. 

-Студенттердің шағымдары туралы айтсақ, стационарда жатқан студенттерге тамақты сырттан жеткіземіз. Әр студент өз палатасында тағамданады. Әрине жатақхана қонақүй емес бірақ санитарлық нормаға толық сәйкес келеді: жатын орындары, тағамдары. Жағдай заңға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Кеше шағымдардан соң біз қызметтік тексеріс жүргіздік. Біздің комиссия тамақтану нормасы бойынша ешқандай кемшіліктерді анықтамады,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Калиев Әсет. 

Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 55 науқаста коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 11 адам жазылып, үйлеріне шығарылды. Стационарда 44 адам жатыр. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#новости актобе #актобе жаналыктары #студенты #коронавирус #россия #карантин #общага #жалоба #асет калиев

Комментарии

Объявления
live comments feed...