• Главная
  • Қазақстанда 60-тан астам құмар ойындары сайты бұғатталды
10:23, 13 мая 2020 г.
Надежный источник

Қазақстанда 60-тан астам құмар ойындары сайты бұғатталды

Қазақстанда 60-тан астам құмар ойындары сайты бұғатталды

2019 жылы 60-тан астам құмар ойындары белгілері бар сайт бұғатталған. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды City04.kz Tengrinews.kz cайтына сілтеме жасап. 

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында ойын бизнесі мәселелері бойынша заң жобасы талқыға салынды. Отырыс барысында депутаттар министрге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.

-Өкінішке қарай интернет казино жарнамасына тыйым салу сақталмай отыр. Көбіне интернетте жиі қайталана беретін интернет казино жарнамасы пайда болады. Оны алып тастау немесе өшіріп тастау да мүмкін емес. Сондай-ақ ол адамға психологиялық жағынан теріс ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар, ол жасөспірімдерді де ойынға құмар етуі ықтимал. Осыған байланысты бүгін интернет казиноның заңсыз қызметі мен оның жарнамасын жою бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Интернет казиноның заңсыз қызметі және оның интернеттегі жарнамасын толық шектеуге министрліктің қандай мүмкіндіктері бар, - деді депутат Снежанна Имашева.

Ақтоты Райымқұлова бұл бағыттағы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қолданыстағы ойын бизнесі туралы заңның 6-бабына сәйкес, Қазақстан аумағында интернет казино және электрон казиноның жұмысына тыйым салынған.

-Оған қарамастан бүгін интернетте осы интернет казиноға қатысуға, ставка қоюға, ставкаларды қабылдауға мүмкіндік беретін сайттар жетіп артылады. Осыған байланысты мәдениет және спорт министрлігі, ақпараттандыру, құқық қорғау саласындағы өкілетті органдармен бірге осы саладағы олқылықтарды жою және осы сайттарды оқшаулау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп келеді. Мысалы, 2019 жылы 60-тан астам құмар ойындарының белгілері бар сайт бұғатталды. Бұл бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастырамыз, - деді министр.

Сонымен қатар, ол букмеркерлік кеңселердің қызметін жарнамалауға заң бойынша шектеу жоғын жеткізді.

-Қазақстан аумағында лицензиясы бар букмеркерлік кеңселердің жұмысы мен олардың қызметін жарнамалайтын сайттар көп. Бүгінде ойын қызметін жарнамалауға заң бойынша шектеу жоқ. Біз заң жобасын талқылау барысында депутаттар осы шектеуді қоятын норманы ұсынды. Бірақ үкіметтің қорытындысында бұл түзету қолдау таппады, - деп түйіндеді сөзін Ақтоты Райымқұлова.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#букмекерскиесайты #новостиказахстана #АктотыРайымкулова #спорт

Комментарии

Объявления
live comments feed...